Хоуситтердің шабуылынан кейін АҚШ  кемесінде өрт шықты

АҚШ әкімшілігі бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

2112098
Хоуситтердің шабуылынан кейін АҚШ  кемесінде өрт шықты

Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер Аден шығанағында көптеген зымыранмен нысанаға алған АҚШ  кемесінде өрт шыққанын хабарлады.

Санадағы Ұлыбритания елшілігінің хабарлауынша, алғашқы мәліметтерге қарағанда  шабуылда екі теңізші қаза тапқан.

Хоуситтердің Әскери баспасөз хатшысы  Яхья Сери «X» әлеуметтік платформасында шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

Сери Аден шығанағында АҚШ-тың   «TRUE CONFIDENCE» кемесіне көп шабуыл жасағандарын және шабуылдан кейін  кемеде өрт шыққанын білдірді.

Сери Хоусит күштерінің «Бейуаз Палестина халқына қолдау көрсету және оларға көмектесу жолында діни, моральдық және гуманитарлық міндеттерін орындауды жалғастыратынын» түсіндірді. 

АҚШ әкімшілігі бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар