Каспаров террористер тізіміне енгізілді

Каспаров 2022 жылы Ресейдегі «шетел агенті» тізіміне енгізілген болатын.

2112186
Каспаров террористер тізіміне енгізілді

Ресей шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаровты террористер мен экстремистер тізіміне енгізді.

Каспаровтың есімі Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі қызметінің (Росфинмониторинг) сайтында террористер мен экстремистер тізіміне қосылды.

Ресей азаматы, әкесі еврей, анасы армян Каспаров 1985-2000 жылдар аралығында шахматтан әлем чемпионы атанды. 2005 жылы шахмат карьерасын аяқтаған Каспаров Ресей президенті Владимир Путинге қарсы саяси оппозициялық қозғалыстарға қатысқан.

Біраз уақыттан кейін шетелде өмір сүре бастаған Каспаров 2014 жылы Хорватия азаматтығын алған.

2022 жылы Ресей-Украина соғысының басталуымен президент Путинді сынаған Каспаров «Украинаны Ресейге қарсы әскери қолдауға және Ресей экономикасының күйреуіне» шақырды.

Каспаров 2022 жылдың 20 мамырында Ресейдегі «шетел агенті» тізіміне енгізілген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар