Британдық министр: «Израиль - басқыншы күш»

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Израильді «басқыншы күш» деп атады.

2112394
Британдық министр: «Израиль - басқыншы күш»

Дэвид Кэмерон елінің бас қаласы Лондонға сапарлай барған Израиль Соғыс кабинеті мүшесі Бенни Ганцпен кездесуінің артынан мәлімдеме жасады.

«Палестиналықтар өсіп бара жатқан гуманитарлық дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр» деген Кэмерон Ганцпен кездесуінде Газа секторына одан көп жәрдемнің кіруі және тұтқындардың осы жерден шығуын қамтамасыз ету қақтығыстарға «гуманитарлық жәрдем үзілісі» беру тақырыбын талқыланғанын атап өтті.

Бұл жағдайдың өзгеру керектігін атап көрсеткен Кэмерон «Қақтығыстарға шұғыл гуманитарлық жәрдем үзілісі беру, Газа секторына жәрдем тарату әлеуетін арттыру, құрлық және теңіз жолы арқылы одан көп жәрдем дәлізін ашу және баспана мен инфрақұрылымдарды қалпына келтіру үшін маңызды материалдарға қоса, Газа секторына рұқсат етілген гуманитарлық жәрдем материалдарын жеткізілуі қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар