Ресейдегі жылу электр стансасында жарылыс болды

РФ Тыва Республикасындағы жылу электр стансасында болған жарылыстан 23 адам жарақат алды.

2111949
Ресейдегі жылу электр стансасында жарылыс болды

РФ Тыва Республикасында жылу электр станциясында болған жарылыстан 6-сы ауыр күйде  23 адам жарақат алды.

Тыва Республикасындағы Шагонар ауданында орналасқан жылу электр станциясының  қазандығында үлкен жарылыс болды.

Жарылыстан кейін қазандық орналасқан ғимаратта өрт шықты. Жұмысшылар құтқару топтары тарапынан эвакуацияланды.

Эвакуацияланған жұмысшылардың 15-і денелерінде күйіктер болуы және көмірқышқыл газынан улануы, облыстағы ауруханаларға жеткізілді. 6 жұмысшының ауыр күйде екені хабарланды.

Жарылыстан жеңіл жарақат алған 8 жұмысшы емделіп шықты.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда жарылыс жылу электр станциясының қазандығындағы көмір қоймасындағы метан газының қысымынан орын алып, оқиғаға қатысты тергеу ашылды.

Жарылыстан кейін шамамен 4 мың адам тұратын Шагонар ауданында шамамен 62 көпқабатты және 216 баспана, орталық жылыту жүйесі істен шықты.

 



Ұқсас жаңалықтар