Болгария премьер-министрі отставкаға кетті

Болгария премьер-министрі Никоя Денков парламентке отставкаға кету туралы өтініш берді.

2111556
Болгария премьер-министрі отставкаға кетті

Болгария премьер-министрі Никоя Денков парламентке отставкаға кету туралы өтініш берді.

Болгария Министрлер кеңесінің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда премьер-министр Николай Денков парламентке отставкаға кету туралы өтініш берді.

Денков отставкаға кету өтінішін коалиция ортағы Болгарияның «Еуропалық дамуы үшін азаматтар (GERB) партиясына» «келіссөздерге шақыру» ретінде атап, «Менің отставка өтінішім саяси бір ойын емес, алдында берілген уәденің нәтижесі» деді.

Үкіметінің жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетін атқаратынын айтқан Денков Мария Габриэльдің премьер-министр болып тағайындалатын үкіметте вице-премьер болуды күтетінін атап өтті.

«GERB» партиясы мен «Үздіксіз өзгеріс - Демократиялық Болгария» (PP-DB) одағы арасында жасалған келісімге қарағанда, Денковтың 9 айлық мерзімі 6 наурыз күні аяқталады.

«PP-DB» одағының премьер-министрі Денков өз міндетін «GERB» партиясы мүшесі Сыртқы істер министрі Мария Габриэльге қалдырады.

Денков 6 маусым күні парламенттің сенім дауысын алғаннан кейін премьер-министр болып тағайындалған еді. Денковтың отставкаға кету өтінішінің парламент тарапынан да мақұлдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар