Медведев Украина жерлері қайта сызылған карта көрсетті
Аталмыш картада Киев пен айналасындағы кішігірім аймақ ғана «Украина» деп жазылған.
РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы Дмитрий Медведев дүйсенбі күні Сочиде өткен жастар фестивалінде Украина аумағының көпшілігінің Ресей, Польша, Румыния және Венгрия арасында бөлістірген бір картаны көрсетті. Аталмыш картада Киев пен айналасындағы кішігірім аймақ ғана «Украина» деп жазылған.
Медведев сондай-ақ «Днепрдің екі жағалауындағы аймақтың Ресейдің тарихи стратегиялық шекараларының ажырамас бөлігі екенін» атап көрсетті. Аталмыш картада Трансдинестер болса Молдованың бір бөлігі болып көрінеді.
«Бүгінгі жағдай 1962 жылғыдан әлдеқайда нашар» деген Медведев қазіргі жағдайды Кубаның зымыран дағдарысымен салыстырды. «Бұл енді Ресейге қарсы АҚШ-тың қару-жарақтарымен АҚШ арнайы жасақтары және кеңесшілерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан соғыс» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.