Израиль тағы көмек күтіп жатқандарға шабуылдады

Ашраф әл-Кудра Израильдің көмек күткен палестиналықтарға тағы шабуылдағанын мәлімдеді.

2110460
Израиль тағы көмек күтіп жатқандарға шабуылдады

Израиль армиясының Газа секторының солтүстігінде гуманитарлық көмек күткен палестиналықтарға жасаған соңғы шабуылында көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғаны білдірілді.

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра жазбаша мәлімдемесінде Израиль күштерінің Газа секторының солтүстігінде жүз мыңдаған аш адамға қарсы жүйелі түрде қырғын соғысын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Кудра Израиль күштерінің Газа қаласының оңтүстігіндегі әл-Кувейти қиылысында «қорқынышты қырғын» жасағанын, шабуылда көптеген адамның қаза тапқанын және жараланғанын тілге тиек етті.

Кеше Израиль армиясының Газа секторының орталық аймағындағы Дейр-Белахта жедел жәрдем көлігін нысанаға алуы салдарынан 9 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған еді.

Израиль армиясы 29 ақпан күні болса Газа қаласының оңтүстігінде гуманитарлық жәрдем күткен палестиналықтарды бомбалап, оқ жаудырған және шабуылда 118 адам қаза тауып, 760 адам жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар