ИЫҰ 5 наурызда Газа үшін кезектен тыс жиналыс өткізеді
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) 5 наурызда Газа үшін кезектен тыс жиналыс өткізеді.
ИЫҰ веб-сайтында жасалған жазбаша мәлімдемеде Сыртқы істер министрлері кеңесінің Израильдің Газаға жалғасып жатқан шабуылдарын талқылау үшін Сауд Арабиясының Жидда қаласында мүше елдердің қатысуымен өтетіні атап өтілді.
5 наурызда өтетін Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының алдында ИЫҰ штаб-пәтерінде күн тәртібі мен шешім жобасы тақырыбында «жоғары қызметкерлер жұмыс істейтіні» туралы мағлұматқа орын берілді.
Сыртқы істер министрлері Жиддада өткізетін отырыста Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан кейінгі соңғы жағдай, сондай-ақ Израильдің Палестинаға қарсы геноцид жасағаны үшін Халықаралық сотта сот ісін жүргізу мәселесі талқыланады.
Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 30 мың 228 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде кемінде 13 мың 230 бала, 8 мың 860 әйел қаза тауып, 71 мың 377 адам жараланды.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.