“Ұлттық апат және төтенше жағдай” жарияланды

Төтенше жағдайды Замбия президенті Хакаинде Хичилема жариялады.

2109521
“Ұлттық апат және төтенше жағдай” жарияланды

Замбия президенті Хакаинде Хичилема елдегі құрғақшылыққа байланысты “ұлттық апат және төтенше жағдай” жариялады.

Ел астанасы Лусакада Хичилема халыққа арнаған үндеуінде шамамен 1 миллион гектар егістік алқапқа зақым келтірген құрғақшылық салдарынан төтенше жағдай жариялағанын айтты.

Халықаралық серіктестерінен көмек сұраған Хичилема экономика мен өнеркәсіпті ұстап тұрған су энергиясының шығынын энергия импорты арқылы өтейтіндерін ескертті.

Хичилема 1 миллионнан астам отбасы құрғақшылықтан зардап шегетінін атап өтіп, несиелік компаниялардан Замбияның қарыздарын қайта қарауын сұрады. Өткен аптада елде аштық қаупі тууына байланысты жүгері мен жүгері ұнын экспорттауға тыйым салынған еді.

Сыртқы қарыздарын төлей алмай дефолтқа ұшыраған Замбия көптеген несиелік компанияларға, әсіресе Қытайға  қарыз.



Ұқсас жаңалықтар