Израильдің көмек кезегінде тұрған бейбіт тұрғындарға шабуылдады

ТР Сыртқы істер министрлігі шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.

2109435
Израильдің көмек кезегінде тұрған бейбіт тұрғындарға шабуылдады

Түркия газалықтардың аштыққа ұшыратқан Израильдің жәрдем кезегіндегі жазықсыз бейкүнә тұрғындарды нысанаға алуының Палестина халқын саналы түрде ұжымдық түрде жоюды мақсат еткенінің дәлелі екенін білдірді.

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің Газа секторында көмек күткен бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылына қатысты «Израиль Набулси алаңындағы палестиналықтарды өлтіріп, жасаған қылмыстарына жаңа бір адамзатқа қарсы қылмыс қосты. Израиль газалықтарды аштыққа ұшыратты, бұл жолы көмек кезегінде тұрған жазықсыз бейбіт тұрғындарды нысанаға алды. Палестина халқын саналы түрде және ұжымдық түрде жоюды мақсат еткенінің дәлелі» деді.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Израиль Газа секторындағы әскери операциясын дереу тоқтату керек, бірақ Израиль үкіметінің бұл шешімді қабылдауға ақыл-ойы мен ар-ұжданы жоқ. Бүкіл әлем Газадағы қысымның аймақтан тыс жерде жаһандық салдары болатын апатқа айналуға жақын екенін көруі керек. Осы тұрғыда Израиль үкіметіне ықпалы бар барлық топтарды Газадағы қатыгездікті тоқтатуға шақырамыз» делінді.

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа қаласының оңтүстігіндегі Рашид көшесіндегі Наблуси қиылысында гуманитарлық көмек күтіп тұрғандарға жасаған шабуылында 112 адамның қаза тапқанын және 760 адамның жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар