Газаның солтүстігіне ұшақпен екінші көмек жеткізілді

Газа секторының солтүстігіне шектелген мөлшерде азық-түлік көмегі ұшақтармен жеткізілді.

2109242
Газаның солтүстігіне ұшақпен екінші көмек жеткізілді

Куәгерлердің айтуынша, Газа секторының солтүстігіндегі Калибу төбесі, Талим торабы және Уммун Наср ауылының айналасында азық-түлік жәшіктері тасталған.

Аймақтағы қиын жағдайға назар аударған куәгерлер белгісіз біреу жіберген көмектің «өте шектеулі» екенін айтты.

7 қазанда Израиль шабуылдарын бастап, жаулау астындағы Газа секторының солтүстігіне осымен екінші рет әуе көмегі жіберіліп отыр.

Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN» кеше белгісіз бір ұшақтың Газа секторының солтүстігіне гуманитарлық жүк түсіргенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар