Шетелге қоныс аударған азаматтарын елге шақырды

Мадуро шетелдегі венесуэлалық иммигранттарды қорғау және оларға көмектесу үшін арнайы жобамен жұмыс істеп жатқандарын айтты.

2109054
Шетелге қоныс аударған азаматтарын елге шақырды

Венесуэла президенті Николас Мадуро шетелге қоныс аударған азаматтарын елге оралуға шақырды.

Мемлекеттік телеарнаға мәлімдеме жасаған Николас Мадуро шетелдегі венесуэлалық иммигранттарды қорғау және оларға көмектесу үшін арнайы жобамен жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Америка Құрама Штаттарының өз еліне қарсы заңдарын еске салған Мадуро егер барлық экономикалық эмбарголар жойылса, венесуэлалықтардың «ең кеш бір жыл ішінде» отандарына оралуы мүмкін екеніне сенетінін атап өтті.

Мадуро венесуэлалықтардың «әділетсіз шектеулерге» ұшырағандықтан елден кетуге мәжбүр болғанын айтты.

“Иммигранттар өз жерлеріне оралуы керек, олар елге керек. Отанына оралған бауырларымыз үшін жан-жақты әлеуметтік бағдарламалар дайындап жатырмыз. Әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын венесуэлалықтар өте қиын экономикалық жағдайда өмір сүруде", - деді ол.



Ұқсас жаңалықтар