Ресей соғыс ұшақтары Идлибті бомбалады
Ресей әскери ұшақтарының шабуылында 1 бейбіт адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.
2109223
Ресей әскери ұшақтарының Сириядағы Идлибтегі шиеленісті азайту аймағына жасаған әуе шабуылында 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 адам жараланды.
Оппозицияға тиесілі ұшақтар обсерваториясынан алынған мәліметке қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 10.02-де Латакиядағы Хмеймим әуе базасынан 2 ресейлік әскери ұшағы қатарынан көтеріліп, Идлиб қала орталығының батысындағы ағаш шеберханасына 4 әуе шабуылы жасады.
Азаматтық қорғаныс топтарынан (Ақ дулығалы) алынған ақпаратқа қарағанда, шабуылда 1 бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 бейбіт тұрғын жараланды.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Шекарада қорғанысты күшейтеді
Польша Қорғаныс министрі Беларусь және Ресей шекараларында ор мен баспана салатындарын айтты.