"Қырым татарлары мен Украина бірге"

Қырымның аннекциясына арналған жиын өтті.

2109061
"Қырым татарлары мен Украина бірге"

Украинаның Түркиядағы елшісі Василий  Боднар Қырым татарлары мен Украина бірге екендігін айтты.

Украина қауымдастығы мен Қырым түріктерінің мәдениет және ынтымақтастық  қауымдастығы ұйымдастырған «Украина-Қырымды басып алудың 10 жылдығында өткені мен болашақты талдау» атты жиынды Украинаның Түркиядағы елшісі Боднар және Қырым қауымдастығының төрағасы Мүкремин Шахин ашты.

Журналист Гөнүл Шамилқызы модераторлық еткен жиынға Билкент университетінің оқытушысы профессор  доктор  Хакан Кырымлы, Чанкыры Каратекин университетінің оқытушысы профессор доктор Сезай Өзчелик, Украина қауымдастығының президенті және Карабук университетінің оқытушысы доктор Юлия Билеткса қатысты.

Украинаның Түркиядағы елшісі Боднар бас қосуда соғыстың бір жылдығын атап өту мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты екенін білдіріп, «Нағыз соғыс осыдан тура 10 жыл бұрын басталды. Қырым Татарлары өз отаны мен өз үйлерін  қорғауға тырысқан алғашқы халық» деді.

 «Бұл Қырым немесе Украина туралы емес, әлемдік қауіпсіздік туралы»- деді Қырым қауымдастығының төрағасы Шахин. Ресейдің 2014 жылы Қырымды заңсыз аннексиялауына қатысты «Бұл басқыншылық Қырым немесе Украина мәселесі емес, әлемдік қауіпсіздік мәселесі» дейді. Шахин мұны бүкіл әлем бақылап отырғанын еске сала отырып, бұл жай ғана Қырым немесе Украина мәселесі емес екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар