Еуропа Парламенті Газада түбегейлі  атысты тоқтатуға шақырды

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарынан 30 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.

2108848
Еуропа Парламенті Газада түбегейлі  атысты тоқтатуға шақырды

Еуропа Парламенті  Израильдің шабуылдарын жалғастырып жатқан Газада алғаш рет тез арада және түбегейлі  атысты тоқтатуға шақырды.

Еуропа Парламенті  Бас Ассамблеясында «Әлемдегі адам құқықтары мен демократияның жағдайы және ЕО-ның оған қатысты саясаты» тақырыбында дайындалған 2023 жылғы рапорты 265 қолдап, 253 қарсы және 10 қалыс дауыспен қабылданды.

Еуропа Парламенті   құрамындағы Солшыл топ мүшелері өзгерістерді талап еткен рапорттың 62-бабына «Газада дереу және тұрақты атысты тоқтатуға шақыру» қосылды.

Түзетілген және бекітілген жаңа рапортта «Еуропа одағын, оның мүше-мемлекеттері және халықаралық  ұйымдарды  азық-түлік және  ауыз суға үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Газа секторында жедел және тұрақты атысты тоқтатуға шақырылады».

Осылайша, Еуропа Парламенті  алғаш рет Газада атысты тоқтатуға шақырды. 18 қаңтарда қабылданған шешімде «түбегейлі атысты тоқтату» барлық тұтқындарды босату және Хамас ұйымын жою шартымен бекітілді.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарынан 30 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар