Лавров Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 1-3 наурыз күндері Түркияға келеді.

2108710
Лавров Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 1-3 наурыз күндері аралығында өтетін 3-ші Анталия дипломатиялық форумына (ADF) қатысады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова бас қала Мәскеудегі апталық баспасөз мәслихатында министр Лавровтың бағдарламасы туралы ақпарат бөлісті.

Лавровтың Түркияға баратынын атап көрсеткен Захарова «Лавров Анталия дипломатиялық форумына қатысу мақсатты Түркия Сыртқы істер министрінің шақыруымен 1-2 наурыз күндері аралығында Түркияға барады. Лавровтың түрік әріптесімен (Хакан Фидан) де бас қосуы жоспарлануда.

Баспасөз хатшысы Захарова екі министрдің кездесуінде аймақтық және халықаралық мәселелерге қоса Түркия мен Ресей арасында энергетика, қауіпсіздік, банк ісі және туризм салаларындағы ынтымақтастық шаралары, Украина, Оңтүстік Кавказ және Палестинадағы соңғы жағдай Сирия мен Ливиядағы мәселелеріне қоса аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар