АҚШ: "Атысты тоқтату үшін бар күшімізді салып жатырмыз"

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Кирби мәлімдеме жасады.

2108447
АҚШ: "Атысты тоқтату үшін бар күшімізді салып жатырмыз"

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президент Джо Байденнің «Дүйсенбіге дейін Газада атысты тоқтату туралы келісім болады деп үміттенемін» деген сөзіне қарағанда Ақ Үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Кирби сақтық танытып, «Атысты тоқтату үшін көп жұмыс істеп жатырмыз, бірақ әлі талпыныстарымыз нәтиже берген жоқ» деді.

Джон Кирби күнделікті баспасөз брифингінде Газа секторындағы соңғы жағдай мен атысты тоқтатуға байланысты АҚШ-тың күн тәртібіне тоқталды.

Билік ретінде Газа секторында тез арада атысты тоқтатуды қамтамасыз ету, Хамас кепілге алынған тұтқындардың құтқарылуы және Газа секторына қажетті гуманитарлық жәрдемді жеткізу үшін бар күш-жігерін салып жатқанын атап көрсеткен Кирби әлі де көп жұмыстың бар екенін айтты.

Кирби мысырлық бір лауазымдыға сілтеген және «6 аптаға дейін созылатын, Хамастың 40, Израильдің болса, 300 палестиналықты босатуы мүмкін бір атысты тоқтату келісімі» деп қоғамға тараған келіссөздермен байланысты «Әлі келіссөздер жалғасып жатыр, бірақ мен бұл келіссөздер туралы бұл жерде пікір айтпаймын» деді.

Байденнің «Дүйсенбіге дейін атысты тоқтатудың болатынына үміттімін» деген сөзін еске түсірген Кирби «Президентке тікелей ұлттық қауіпсіздік тобының өзі ақпарат береді. Біз үміттіміз және жақын арада осындай бір оң нәтижеге қол жеткізу үшін сақтықпен күтеміз» деп, күн тәртіптерінің тұрақты емес, уақытша «атысты тоқтату» екенін қайталады.



Ұқсас жаңалықтар