Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға мүшелігін бекітті

Парламентте кеше өткен отырыста Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтініші мақұлданды.

2107756
Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға мүшелігін бекітті

Венгрия парламентінің ресми интернет парақшасынан жарияланған хабарға қарағанда, дауыс беру нәтижесіне 188 «қабылдау», 6 «қарсы» дауыс берген депутаттардың 4-і қалыс қалды.

Венгрияның бұл шешімімен Швеция әкімшілігі НАТО-ға мүше барлық елдердің қолдауын алды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдауын «құптайтынын» мәлімдеді.

Столтенберг өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан «Швецияның мүшелігі бәрімізді мықты және қауіпсіз етеді» деді.

Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдағанын құптағанын атап көрсеткен Столтенберг Швецияның НАТО-ның 32-ші одақтасы болатынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар