Байден: "Атысты тоқтатуға дүйсенбі күніне дейін қол жеткізілетініне үміттімін"

АҚШ Президенті баспасөз өкілдерінің күн тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап қайтарды.

2107829
Байден: "Атысты тоқтатуға дүйсенбі күніне дейін қол жеткізілетініне үміттімін"

АҚШ Президенті Джо Байден дүйсенбі күні дейін Газа секторында атысты тоқтатуға қол жеткізуге болатынын айтты.

Джо Байден Нью-Йорк сапары барысында баспасөз өкілдерінің күн тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап қайтарды.

Байден Газа секторында атысты тоқтатуға қашан қол жеткізуге болатыны туралы сұраққа «Осы аптаның соңына дейін үміттенемін. Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшім өте жақын екенімізді айтты, бірақ әлі аяқталған емес. Атысты тоқтатуға дүйсенбі күніне дейін қол жеткізілетініне үміттімін» деді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері аймаққа жасаған қарқынды шабуылдарында көпшілігі бала 30 мыңға жуық палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар