Испаниядағы өртте 4 адам көз жұмды

Испанияның Валенсия қаласындағы көпқабатты үйден шыққан өртте алғашқы мәліметтер бойынша 4 адам қаза тапты.

2106319
Испаниядағы өртте 4 адам көз жұмды

Испанияның Валенсия қаласындағы көпқабатты үйден шыққан өртте алғашқы мәліметтер бойынша 4 адам қаза тапты. Іштерінде өрт сөндіруші мен бір бала да  бар 14 адам жарақат алды. 

Кампанар аумағындағы  14 қабатты және 138 пәтерлі үйде тұтанған өрт көп ұзамай көрші ғимаратқа тарады.

Оқиғада алғашқы мәліметтер бойынша  4 адам қаза тапқан.

Өрт сөндірушілер ғимарат ішінде қалып қойғандарды крандары бар балкондардан алып шықты.

«RTVE» хабар агеттігінің хабарына қарағанда, аймақта далалық аурухана құрылды. Лауазым иелері өртенгендердің қонақүйлерге орналастырылатынын айтты.

Испания премьер-министрі Педро Санчестың  мәлімдемесінде «Валенсиядағы ғимаратта орын алған жан түршігерлік өрт мені қатты шошытты. Өрттен зардап шеккен барлық адамдармен сезімінді бөлісемін және оқиға орнындағы барлық төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар