Грекияда шеру

Омарташылар өндірістік шығындардың күннен-күнге артуына наразылығын білдіріп, үкіметтен көмек сұрады.

2106215
Грекияда шеру

Грекияда омарташылар өндіріс шығындарын азайтуды және заңсыз бал саудасын бақылауды талап етіп, ел астанасы Афинада шеруге шықты.

Парламент ғимаратының алдында жиналған омарташылар өндірістік шығындардың күннен-күнге артуына наразылығын білдіріп, үкіметтен көмек сұрады.

Синтагма алаңына жиналған шерушілердің кейбірі омарташы киімдерін киіп, қолдарындағы көріктерді түтетті.

Сонымен қатар омарташылар шетелден балды заңсыз сатып алушыларға  бақылауды күшейтуді талап етті.



Ұқсас жаңалықтар