Жозеп Боррель Газада болған оқиғаның «табиғи апат» емес екенін айтты

Жозеп Боррель Газада болған оқиғаның «табиғи апат» емес екенін айтты.

2105811
Жозеп Боррель Газада болған оқиғаның «табиғи апат» емес екенін айтты

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Израильдің шабуылдарын жалғастырып жатқан Газадағы жағдайға тоқталды.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Газада болған оқиғаның «табиғи апат» емес екенін айтты.

Боррель Израильдің шабуылдарын жалғастырып жатқан Газадағы жағдайға тоқталды.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Газада болған оқиғаның «табиғи апат» емес екенін айтты.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі 

Жозеп Боррелm Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында басталған G20 Сыртқы істер министрлері жиналысында сөйлеген сөзінде әсіресе Украина-Ресей соғысы және Израильдің Газадағы шабуылдарының барша әлемге дағдарыс тудырғанын айтты.

Боррель Израильдің шабуылдарын жалғастырып жатқан Газадағы жағдайға тоқталып, «Газада бейбіт тұрғындардың басынан өткерген трагедияны елемеуге болмайды. Көптеген жазықсыз адамдар қаза тапты. Халықтың 90 пайызы үйлерін тастап кетті. Бұл гуманитарлық апат табиғи апат емес, жер сілкінісі емес, су тасқыны емес. Бұл адамдар жасаған гуманитарлық апат және бұл апатты тоқтату керек» деді.

Боррель Газадағы шабуылдарды тоқтату үшін Еуроодақтың 27 елінің 26-сының Израильдің Рафах аймағына шабуыл жасау жоспарынан бас тартуын, түбегейлі түрде атысты тоқтатуды, тұтқындарды шартсыз босатуды және жедел гуманитарлық жәрдем жасауды талап еткенін еске салды.

Халықаралық қауымдастықтың тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін «екі мемлекетті шешім» туралы ортақ пікірге ие екеніне назар аударған Хосеп Боррель бұл шешімді жүзеге асыру үшін еселеп талпыныс көрсетуге шақырды.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 29 мың 313 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде кемінде 12 мың 660 бала, 8 мың 570 әйел қаза тауып, 69 мың 333 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар