Арменияға қару беруді жалғастырады

Франция Президенті Эммануэль Макрон Арменияны қолдауды жалғастыратындарын мәлімдеді.

2105824
Арменияға қару беруді жалғастырады

Франция Президенті Эммануэль Макрон «жауапкершілік рухында және шиеленісті арандату тілегінсіз» Арменияны қолдауды жалғастыратындарын мәлімдеді.

Эммануэль Макрон Елисей сарайында Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды қабылдады. Екі басшы кездесу қарсаңында ортақ баспасөз мәлімдемесін жасады. Осында Макрон  «Сіз Франция Арменияның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, демократиялық бағытын және бейбітшілікке деген ұмтылысын қолдайтынына сене аласыз» деді. Макрон Никол Пашинянға алғыс айтты.

Макрон Әзербайжанның Арменияның аумақтық тұтастығына құрмет көрсетуіне қатысты «барлық белгісіздіктерді» шешуі керектігін алға тартып, ол жерден әскерлерді шығару үшін шекараларды анықтау бойынша «адал ниетпен» жұмыс істеу қажет екенін айтты.

Француз басшы Арменияның стратегиялық инфрақұрылымын дамытуға және әскери техникамен қамтамасыз етуге қолдау көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді.

Пашинян Макронға қарым-қатынастарды тереңдету және нығайту үшін басқан қадамдары үшін алғыс айтып, Францияның көмегімен елінің қорғаныс қабілетін нығайту алаңдаушылық тудырмауы керектігін және олардың мақсаты аймақта «теңдік орнату» екенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар