НАТО мүшелігін талқылау мақсатымен Венгрияға кетті
Кристерссон мен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан баспасөз өкілдерінің алдына шығады.
2105247
Швеция Премьер-министрі Ульф Кристерссон елінің НАТО мүшелігін талқылау мақсатымен Венгрияға кетті.
Бұл туралы Швеция үкіметі хабарлады. Сапардың басты тақырыбы – НАТО мүшелігі, Венгрия мен Швеция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығының арттырылуы.
Кездесуден кейін Кристерссон мен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан баспасөз өкілдерінің алдына шығады.
Венгрияда биліктегі «Венгр азаматтық одағы» партиясы Швецияның НАТО мүшелігінің 26 ақпан күні дауысқа салынуы үшін парламентке ұсынысын берген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.