Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израильдің соңғы шабуылдарында 60-тан астам палестиналықтың қаза тапқаны білдірілді.

2105302
Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында араларында 12 мың 660 бала мен 8 мың 570 әйел, барлығы 29 мың 195 палестиналық қаза тапты, 69 мың 170-і жараланды.

Израиль армиясы Газа секторының орталық және оңтүстік бөліктеріне жасаған шабуылдарында 60-тан астам палестиналықтың қаза тапқаны білдірілді.

Палестина ресми хабар агенттігі «WAFA»-ға қарағанда Израиль армиясы кеше түнгі уақыттан бастап, Газаның орталық және оңтүстік бөліктеріне шабуылдарын жалғастырды.

Израиль армиясының Газа секторының орталық бөлігіндегі Дейр әл-Белах қаласы мен Нусейрат босқындар лагеріне жасаған әуе шабуылында кемінде 34 адам қаза тапты.

Газа қаласының Зейтун ауданына жасалған әуе шабуылында кейбір ғимараттар құлады, шабуыл салдарынан көптеген адам қаза тауып, жарақат алды.

Газа қаласының Тель-эль-Хева, Шукаййе және Эс-Сабра аудандарында қарқынды артиллериялық атыс жалғасуда.

Екінші жағынан Израиль армиясы шамамен 1,4 миллион адам паналаған Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына әуе шабуылдарын жалғастырды.

Рафахтың шығыс бөлігіндегі Дженин ауданына жасалған шабуылда араларында балалар да бар 8 адам қаза тауып, кейбіреулері жараланды.

Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнустың Әл-Меваси аймағына кірген Израиль әскери танктерінің жер аударылған палестиналықтарға қарсы жасаған шабуылдарында 26 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар