Израиль Дамаскіге әуе шабуылы жасады
Дамаскіге жасаған әуе шабуылында 2 адам қаза тауып, 1 адам жараланды.
2105650
Израильдің Сирияның бас қаласы Дамаскіге жасаған әуе шабуылында 2 адам қаза тауып, 1 адам жараланды.
Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша Израиль күштері Дамаскінің Кеферсусе аймағындағы бір ғимаратқа әуеден шабуыл жасаған.
Хабарда «Сағат 09.40-та Израиль Дамаскінің Кеферсусе аймағындағы бір ғимаратты Голан төбелерінен зымыранмен нысанаға алды. Екі бейбіт тұрғын қаза тауып, бір бейбіт тұрғын жараланды» делінген.
Израиль тарапынан шабуылға қатысты мәлімдеме жасалмады.