Ирак Премьер-министрі коалиция күштері туралы мәлімдеме жасады

Эс-Судани АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің елде қалуы үшін ешқандай себеп жоқ екенін мәлімдеді.

2105245
Ирак Премьер-министрі коалиция күштері туралы мәлімдеме жасады

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа эс-Судани Америка Құрама Штаттары (АҚШ) басшылығындағы коалиция күштерінің өз елінде қалуы үшін ешқандай себеп жоқ екенін білдірді.

Судани бас қала Бағдаттағы Үкімет сарайында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ирактағы қауіпсіздік жағдайының тұрақты екенін және қауіпсіздік күштерінің жеткілікті қабілетке ие екенін атап көрсеткен Судани «ДАИШ Ирак үшін енді қауіп төндірмейді. ДАИШ жойылды, ешқашан кері оралмайды» деді.

АҚШ басшылық жасайтын коалиция күштері тиесілі елдермен қауіпсіздіктен бастап, барлық салада өзара ынтымақтастық деңгейіне жетуді қалағандарын атап көрсеткен Судани «Коалиция күштерінің Иракта болуына енді ешқандай себеп жоқ. Осы державаларға тиесілі елдермен әріптес ретінде өзара қарым-қатынастарды орната аламыз» деді.

Ирак 25 қаңтар күні ДАИШ лаңкестік ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияның әскери миссиясын аяқтау және коалиция кеңесшілерін біртіндеп қысқарту үшін күнтізбе құру туралы АҚШ әкімшілігімен келісімге келінгенін хабарлады.

Ирак Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Ирак үкіметтері арасында тамыз айынан бері жалғасып келе жатқан келіссөздердің сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

Ирактағы АҚШ басшылық жасаған коалициялық күштерге тиесілі кеңесшілердің орынбасарлары орналасқан базалар Иран қолдайтын шиіт күштердің жиі шабуылына ұшырауда.



Ұқсас жаңалықтар