Петтери Орпо: "Бізге АҚШ-тың ядролық қаруы қажет емес"

Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо «Rzeczpospolita» газетіне сұхбат берді.

2104883
Петтери Орпо: "Бізге АҚШ-тың ядролық қаруы қажет емес"

Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо ел аумағында Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) ядролық қаруына қажеттілік жоқ деп мәлімдеді.

Петтери Орпо Польшада шығатын «Rzeczpospolita» газетіне берген сұхбатында 2022 жылдың 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына тоқталды.

Премьер-министр Орпо «АҚШ-тың ядролық қаруын ел аумағында қабылдайсыз ба?» деген сұраққа «Мұның қажеті жоқ, өйткені НАТО қазірдің өзінде ядролық қарудан бас тартқызуды қамтамасыз етіп отыр» деп жауап қайтарды.

НАТО-ның 31-ші мүшесі ретінде 4 сәуір күні одаққа қосылған Финляндия желтоқсан айында АҚШ-пен «Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл келісімнің өз елінің трансатлантикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жан-жақты күш-жігерінің соңғы үлгісі екеніне назар аударып, «Еуропа құрлығында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін желі құрғандарын» атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар