"Украина тақырыбында Ресейдің одақтасы емеспіз"

Пашинян "Украина халқы біз үшін бауырлас. Армяндар Украинада өздерін жақсы сезінетін еді» деді.

2104256
"Украина тақырыбында Ресейдің одақтасы емеспіз"

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елінің Украина тақырыбында Ресейдің одақтасы емес екенін айтты.

Пашинян «Бұрын да айтқанымдай, Армения Украина тақырыбында Ресейдің одақтасы емес және бұл біздің шынайы ұстанымымыз.  Осы жағдайға ықпалды әсер ете алмағанымызға қиналамыз. Украина халқы біз үшін бауырлас. Армяндар Украинада өздерін жақсы сезінетін еді» деді.

Пашинян айрықша Ресей мен Украинаны да қосқанда бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының бір-бірінің мемлекеттік шекараларын мойындайтындарын қабылдаған 1991 жылғы Алматы Декларациясының маңызын еске салды. Ол сөздерін «Біздің ойымызша Алматы декларациясы - біздің тәуелсіздігіміз және территория тұтастығымыздың кепілі, Украина үшін де солай болуы керек.  Себебі бұл құжат барлығымызға міндеттеме жүктейді» деп жалғастырды.

Пашинян маусым айында да Арменияның Украина тақырыбында Ресейдің одақтасы еместігін «CNN» арнасына сөйлеген еді. Сол кезде ол «Біз Ресейдің Украина соғысында одақтасы емеспіз. Бұл соғыс бізді де алаңдатып отыр. Себебі барлық тікелей қатынастарымызға әсер етеді. Батыс елдері бізді Ресеймен одақтас деп есептейді. Ресей болса Украина соғысында олармен одақтас емес екенімізді біледі» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар