БҰҰ-ның Ауғанстан тақырыпты отырысы Катарда басталды

Ауғанстан үкіметінің шақырылғанына қарамастан жиынға қатысудан бас тартқаны білдірілді.

2104103
БҰҰ-ның Ауғанстан тақырыпты отырысы Катарда басталды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ауғанстан тақырыпты отырысы Катардың бас қаласы Дохада басталды.

Катар Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш қатысқан жиынға Ауғанстандағы Талибан әкімшілігінің қатыспағаны білдірілді.

Катарда орналасқан «Әл-Жазира» телеарнасының интернет парақшасынан жарияланған хабарда болса Ауғанстан үкіметінің шақырылғанына қарамастан жиынға қатысудан бас тартқаны айтылды.

Талибан әкімшілігі БҰҰ-ның мамыр айында Дохада өткізген Ауғанстан тақырыпты алғаш отырысына шақырылмаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар