Жапониядан Украинаға қаржылай қолдау

Токиода өтетін конференция аясында ынтымақтастық меморандумына қол қойылады.

2103851
Жапониядан Украинаға қаржылай қолдау

Жапон үкіметі Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіруге қоса 7 түрлі салаға 15,8 миллиард иен (106 миллион доллар) көлемінде қолдау көрсетеді.

Ресми Киодо агенттігінің министрлер кабинетіндегі дереккөздеріне сүйеніп берген хабарына қарағанда ертең Токиода өтетін «Экономиканы қайта құру жөніндегі Жапония-Украина конференциясында» 10-нан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылады.

Конференцияға Жапония премьер-министрі Кишида Фумио және Украина премьер-министрі Денис Шмигалға қоса, екі ел бюрократия өкілдері мен іскер әлемінен 300-ден астам шенеунік қатысады.

Жапония Орталық үкіметі бюджетінен Украинаға 7 түрлі салада, соның ішінде Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіру және миналарды тазарту мақсатында 15,8 миллиард иен қаржы бөледі.



Ұқсас жаңалықтар