АҚШ-тың Вирджиния штатындағы бір үйде жарылыс болды

Жарылыстың салдарынан 1 өрт сөндіруші қаза тауып, 13 адам жарақат алды.

2103842
АҚШ-тың Вирджиния штатындағы бір үйде жарылыс болды

«The New York Times» газетінің хабарлауынша, Вирджиния штатының Стерлинг қаласындағы өрт сөндірушілер табиғи газдың ағуы туралы хабарлама түскен соң жергілікті уақытпен сағат 19.40 шамасында бір үйге келді.

Лудун округінің өрт сөндіру бөлімі мәлімдемешісі Лаура Райнхарт топтардың ағып кеткен газды анықтағанын, қауіпті материал мамандарынан қолдау сұрағанын атап көрсетті.

Өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Джеймс Уильямс болса өрт сөндірушілер үйдің ішінде болған кезде жарылыс болғанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау қызметкерлері жарылыс салдарынан 1 өрт сөндірушінің қаза тауып, 11 өрт сөндіруші, барлығы 13 адамның жараланғанын хабарлады.

Газдың шығу себебін анықтау жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар