Алексей Навальный қайтыс болды

Навальныйдың командасы бұған Мәскеу әкімшілігін кінәлайды.

2103465
Алексей Навальный  қайтыс болды

Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный жазасын өтеп жатқан Ямало-Ненет федералды түрмесінде қайтыс болды.

Навальныйдың түрмеде кенет есінен танып қалғаны және дәрігерлердің көмектесе алмағаны жарияланды.

Ресей президенттік аппараты Навальныйдың өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Бұл мәселе жөнінде Ресей президенті Владимир Путиннің де хабардар болғаны айтылды.

Навальныйдың командасы бұған Мәскеу әкімшілігін кінәлайды.

Ресейлік оппозиция жетекшісі Путинге қарсы және әсіре оңшыл көзқарастарымен танымал еді. 2021 жылы Германиядан Ресейге оралған кезде тұтқындалған Навальный жемқорлық пен радикализм үшін 19 жылға сотталған еді.



Ұқсас жаңалықтар