Президент Владимир Путин «Россия-1» тілшісіне сұхбат берді

Ресей президенті Владимир Путин елінің Украинадағы әрекеттерін кеш бастағанын білдірді.

2102682
Президент Владимир Путин  «Россия-1» тілшісіне сұхбат берді

Владимир Путин Ресей мемлекеттік телеарнасы «Россия-1» тілшісіне берген сұхбатында 2022 жылдың 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Украина соғысы және бұрынғы «Fox News» телеарнасының жүргізушілерінің бірі Такер Карлсонға өткен апта берген сұхбатына баға берді.

Украинаның НАТО-ға кіру мүмкіндігіне алаңдағандарын білдірген Путин «Бұл біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді. НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймейтіні туралы үнемі алданып келеміз. Бес кеңею жасалды, бұл ашық түрде бізді алдау» деді.

Ресейдің Украина тақырыбында  алдымен бейбіт бастамалар жасағанын, бірақ Минск келісімін орындауда мәселесіне қатысты алданып қалғанын баса айтқан Путин «Бір ғана өкінетініміз, қарсыластарымыздың дұрыс адамдар екенін ойлап, белсенді іс-әрекетімізді ерте бастамағанымыз» деді.

Путин Ресейдің Украинада арнайы әскери операциясына Донбасстағы оқиғалар себепті бастағанын атап, «Қазіргі Украина билігінің Минск келісімдерін орындаудан толық бас тартуы шын мәнінде қозғаушы фактор болды» деді.

АҚШ-тық журналист Карлсонның өткен аптада жарияланған сұхбатында тым жұмсақ әрекет еткені жөніндегі бағалауға тоқталған Путин «Карлсонның қауіпті біреу екенін ойлаймын. Қатал ұстаным танытып, қиын сұрақтар қояды деп ойладым. Мен мұны қалаған едім, өйткені менде ауыр жауап қайтаруға мүмкіндік табатын едім» деді.

Путин Карлсонның мұның орнына басқа тактика қолданғанын атап «Бірнеше рет сөзімді кесуге тырысты, бірақ әлі де батыстық журналист үшін таң қалдырарлықтай шыдамдылық танытты» деді.

Владимир Путин Байденді ме немесе Трампты АҚШ президенті ретінде көргіңіз келеді деген сұраққа «(Джо) Байден. Тәжірибелі және болжамдырақ. Ол ескі дәстүрдегі саясаткер. Бірақ біз АҚШ халқы қай басшыны сайласа онымен жұмыс істейміз» деді.

Ресей президенті Путин Трамптың АҚШ-тың одақтастарымен қарым-қатынасын қалай дамыту керектігі тақырыбында «өзіне тән көзқарасы бар» екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар