Ай сайын 5 мың жас еркек пен әйел әскерге шақырылады

Әскери билік жаңа заң туралы мәлімет берді.

2102646
Ай сайын 5 мың жас еркек пен әйел әскерге шақырылады

Мьянмада әскери билік жаңа күшіне енген әскерлік заңы шеңберінде жыл сайын 60 мың жас еркек пен әйелдің әскерге қабылданатынын хабарлады.

Әскери билік жаңа заң туралы мәлімет берді.

Мәлімдемеде заңға орай ай сайын бес мың жас еркек пен әйел әскерге алынатыны айтылды.

Мьянма Әскери үкіметінің баспасөз хатшысы генерал Зау Мин Тун «BBC» арнасына берген мәліметінде алғашқы топтың дәстүрлі жаңа жыл мерекесінен кейін шақыралатынын айтты. Ол 56 миллион тұрғыны бар елде 6,3 миллион ер, 7,7 миллионы әйел, шамамен 14 миллион адамның әскерлік қызмет үшін жарамды екенін білдірді.

Әйелден бесінші топтан кейін шақырылады.

Елде айырықша армияда отставкаға кеткен офицерлердің отставкаға кеткеннен кейін тағы бес жыл қызмет етуін көздейтін Запастағы күш заңы күшіне енді.

Елде 18-35 жас аралығындағы еркектер мен 18-27 жас аралығындағы әйелдердің кемінде екі жыл әскерлік қызмет атқаратыны білдірілген болатын.

Сонымен бірге төтенше жағдайда әскерлік қызмет мерзімі бес жылға созылады. Бұған қарсы шыққандарға жаза беріледі.

 



Ұқсас жаңалықтар