Жасанды интеллект үшін ескерту

Сэм Альтман жасанды интеллект жүйелерін қоғамға ешқандай басқару механизмінсіз ұсыну үлкен қауіптерге әкелетінін мәлімдеді.

2101926
Жасанды интеллект үшін ескерту

«ChatGPT» жасанды интеллект қосымшасын әзірлеген «OpenAI» компаниясының бас атқарушы директоры  Сэм Альтман жасанды интеллект жүйелерін қоғамға ешқандай басқару механизмінсіз ұсыну үлкен қауіптерге әкелетінін мәлімдеді.

Сэм Альтман Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында (БАӘ) өткен Дүниежүзілік үкіметтер саммитінде жасанды интеллект туралы мәлімдеме жасады.

Альтман тез дамып келе жатқан жасанды интеллекттің Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) сияқты ұйымының құрылып, бақылануы керек деген үндеуін қайталады және зиянды ниет болмаса да бұл жүйелерді халыққа бақылаусыз түрде ұсынудың  үлкен қауіп тудыруы мүмкін екенін атап көрсетті.

Альтман жасанды интеллект саласының жолдың ең басында тұрғанына назар аударып, бұл технологияның әлдеқайда жоғары жетістіктерге жететінін  айтты.



Ұқсас жаңалықтар