Жалған мәлімет таратқандардың активтері бұғатталады

Путин жаңа заңға қол қойды.

2102349
Жалған мәлімет таратқандардың активтері бұғатталады

Орыс армиясы жөнінде жалған мәлімет таратқандардың активтері бұғатталады.

Ресей Президенті Владимир Путин орыс армиясы жөнінде жалған ақпарат таратқандардың осы әрекеттен тапқан активтерін бұғаттауға рұқсат беретін заңға қол қойды.

Заң Ресей Мемлекеттік заңнама жүйесінің парақшасында жарияланды.

Заңға сәйкес орыс армиясының мәртебесін түсіретін, асыра сілтейтін, Ресейдің территория тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатерлі, Ресей мен Ресей азаматтарына санкция жүргізуді насихаттайтындардың түрлі мемлекеттік марапат пен сыйлықтары кері алынады.

Аталмыш заң ресми түрде жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді.



Ұқсас жаңалықтар