Суданда 5 миллион адам аштыққа ұшырауда

Граф әлемдегі ең үлкен жер аудару дағдарысының 8 миллион адаммен Суданда болғанын айтты.

2101891
Суданда 5 миллион адам аштыққа ұшырауда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Судан өкілі Питер Графф Біріккен Ұлттар Ұйымының  Женева кеңсесінің апта сайынғы баспасөз конференциясына онлайн арқылы қатысты.

Судандағы қақтығыстардың басталғанына 10 ай өткенін еске салған Графф бұл процестің елді гуманитарлық дағдарысқа әкелгенін білдірді.

Қақтығыстар жаңа аймақтарға таралса, бейбіт тұрғындардың жаппай жер аударуының жалғасып жатқанын атап түсіндірген  Граф әлемдегі ең үлкен жер аудару дағдарысының 8 миллион адаммен Суданда болғанын айтты.

Граф қоныс аударған адамдардың су, санитария, азық-түлік және ең қарапайым денсаулық қызметтеріне қол жеткізе алмағандарын білдіріп, «Суданда шамамен 25 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. 5 миллион адам аштыққа душар болуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар