Блинкен және Харрис Иордания королімен кездесті

Басшылар екі ел қатынастарының аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды екенін білдірді.

2102079
Блинкен және Харрис Иордания королімен кездесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда Иордания королі ІІ Абдулламен кездесті.

Блинкен АҚШ-Иордания дипломатиялық қарым-қатынастарының 75 жылдығына орай екі ел арасындағы серіктестікке риза екенін білдірді. Екі ел қатынастарының аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды екенін білдірген Блинкен АҚШ-тың «аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікді жетілдіру» үшін иорданиялық серіктерімен жұмыс істеуге табанды екендерін атап көрсетті. Ол Иорданияның Газадағы палестиналықтарға гуманитарлық көмек жеткізу ынтасына байланысты король Абдуллаға алғыс айтты.

Екі басшы Газада түбегейлі бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату тақырыбын талқылады. Блинкен тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына деген пікірін қайталады.

Осы арада АҚШ вице-президенті Камала Харрис те Иордания королімен кездесті. Ол да Иорданияның Газаға көмегіне байланысты король Абдуллаға алғыс білдірді.

Екі басшы сонымен бірге Батыс Шерияда тұрақтылықтың сақталып қалуының маңыздылығына тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар