"Соғысқа дайын болу керек" деді

Карстен Брюер «соғысқа дайындалу» бір процесс екенін айтты.

2101550
"Соғысқа дайын болу керек" деді

Қорғаныс шығындарын айтарлықтай арттыруға шешім қабылдаған Германияда Бас штаб басшысы Карстен Брюер елдің 5-8 жыл ішінде «соғысқа дайын болуы» керектігін айтты.

«Welt am Sonntag» газетіне берген сұхбатында Карстен Брюер «соғысқа дайындалу» бір процесс екенін айтты.

"Бірақ бізде шексіз уақыт жоқ, өйткені қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері бірінші рет «мүмкін соғыс» бізге сырттан қауіп төндіріп отыр. Мен сарапшылардың пікірін оқып, Ресейден келетін әскери қауіп-қатердің әлеуетін көргенде, бұл үшін бізге 5-8 жыл дайындық керек екенін білемін» деді ол.

Бұл «сол күні соғыс болады» дегенді  білдірмейтінін баса айтқан Брюер «Алайда бұл мүмкін және мен әскери адам болғандықтан 5 жыл ішінде соғысқа дайын болуымыз керек деп деп ойлаймын» деді.

2 жыл бұрын Ресей-Украина соғысы басталғаннан кейін Германия қорғаныс шығындарын айтарлықтай ұлғайту туралы шешім қабылдады және озық қару жүйелерін сатып алу, қарулы күштерін модернизациялау үшін 100 миллиард еуро көлемінде арнайы қор құрған еді.



Ұқсас жаңалықтар