Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу әрекетіне наразылық

Песков Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2101701
Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу әрекетіне наразылық

Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков батыс елдерінің Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу әрекетіне наразылық білдірді.

Песков Мәскеуде журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Дмитрий Песков батыс елдерінің Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу бойынша қадамдар жасау жоспарларын сынап, былай деді: "Басқалардың активтерін тәркілеу туралы шешім әлемдік экономикаға өте ауыр әсер ететінін біз бірнеше рет айттық. Бұл заңға, экономикалық дамуға және инвестициялық ортаға ауыр әсер етеді"

Еуроодақ елдері Украинамен 2 жылға созылған соғыс салдарынан Ресей Орталық банкінің шамамен 200 миллиард еуросын бұғаттаған болатын.

Ресейлік активтерді ұстайтын қаржы институттары оларды өтеу мерзіміне қарай қайта инвестициялау арқылы айтарлықтай пайда тауып отыр.

Одақ шенеуніктері тыйым салынған активтердің заңдық және қаржылық аспектілерін және бұл активтерден түскен кірісті иесінің келісімінсіз пайдалануды бірнеше ай бойы талқылап келеді.

ЕО негізгі ақшаны емес, одан түскен табысты нысанаға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар