Болгарияда шаруалар үкіметпен келісті

12 баптан тұратын келісімге қол жеткізіліп, құжатқа тараптар қол қойды.

2101555
Болгарияда шаруалар үкіметпен келісті

5 ақпанда наразылық акциясын басталған Болгарияда ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің өкілдері үкіметпен келісімге келді.

Премьер-министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, ауыл шаруашылығы секторының негізгі үш ұйымымен 12 баптан тұратын келісімге қол жеткізіліп, құжатқа тараптар қол қойды.

Ауыл шаруашылығы министрі Кирил Витев бұл ұйымдармен диалогқа әрқашан дайын екендерін атап өтіп, Ресейдің Украинаға қарсы соғысы нәтижесінде жергілікті өндірушілердің шығынын өтеу үшін қажетті заңнамалық шараларды жасап, мемлекеттік көмек көрсетуге келіскендерін мәлімдеді. Келісімге сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер мен шаруалар арасында құрылатын аралас комиссия келісімнің орындалу барысын бақылайды.

Келісімге қанағаттанбаған ауыл шаруашылығы саласының 26 ​​жергілікті ұйымы  болса Ауыл шаруашылығы министрі Витевтің отставкаға кетуін талап етіп, наразылық акциясын жалғастыратындарын жариялады.

Наразылық білдірушілер бүгін ауыр машиналармен 25 нүктеде көлік қозғалысын жауып, ел астанасы Софиядағы Министрлер кеңесі ғимараты алдында митинг өткізетіндерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар