АҚШ Израильдің Рафахқа кіруіне қарсы

Джо Байден Иордания Королі ІІ Абдалламен  кездесуінен кейін Ақ Үйде ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

2101341
АҚШ Израильдің Рафахқа кіруіне қарсы

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Израильдің Газадағы шабуылдарында көптеген палестиналық бейбіт тұрғынның қаза тапқанын білдірді. Байден Рафахқа кең ауқымды түрде кіруіне қарсы екендерін айтты.

Джо Байден Иордания Королі ІІ Абдалламен  кездесуінен кейін Ақ Үйде ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Израильдің Газадағы шабуылдарына назар аударған Байден «Палестина халқы соңғы 4 айдан бері жалғасып жатқан соғыста аяусыз азап шегуде және үлкен шығынға ұшырауда. Бұл қақтығыста 27 мыңнан астам  палестиналық бейбіт тұрғын қаза тапты.  Бұлардың ішінде балалар да бар» деді.

Жүздеген мың палестиналықтардың азық-түлік, су және басқа да негізгі қажеттіліктерге қол жеткізе алмағанын түсіндірген Байден «Көптеген отбасылар бір ғана емес, көптеген туыстарынан айырылды. Газадағы әрбір жазықсыз адамның қазасы қайғылы оқиға» деп көрсетті.

Байден 1 миллионнан астам адам баспана алған Рафахтағы бейбіт тұрғындардың қорғалуы керектігін баса айтты.

Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби күнделікті баспасөз брифингінде Газа мен Израильдің шабуылға дайындалып жатқан Рафах қаласындағы соңғы жағдайды бағалады.

Хамас мүшелерінің солтүстіктен оңтүстікке Хан Юнусқа, одан кейін Рафахқа қарай жылжи бастағанын айтқан Кирби: «Хамастың болуы Газа халқына қауіп төндіреді, енді олар оңтүстікте Рафахқа қоныстануға немесе қозғалуға тырысуда» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар