Грекияда диқандардың наразылықтары жалғасуда

Неа Муданья жолын қатынасқа жауып тастаған диқандарға мал өсірушілер де қолдау көрсетті.

2100934
Грекияда диқандардың наразылықтары жалғасуда

Грекиядағы диқандар ауылшаруашылық саласында өсіп келе жатқан проблемаларға назар аудара бастаған протест шарасы аясында кеше жолдарды жауып тастады.

Елде шамамен 4 аптадан бері жалғасып жатқан наразылық шаралары аясында кеше Салоники қаласының маңындағы Неа Муданья жолын жауып тастаған диқандарға мал өсірушілер де қолдау көрсетті.

Диқандарға жұма күні болса Солтүстік Македония шекарасын жүк көліктерімен жауып тастаған болатын. Наразылық барысында жүк көліктері шекараға жақын жерлерде ұзын кезекке тұрған еді.

Диқандар осы аптада болса шаруалар бас қала Афиныдағы парламент ғимараты да орналасқан Синтагма алаңында тракторлармен демонстрация өткізуді жоспарлап отыр.

Шаруалар бүлінген егіні үшін өтемақы төлеуді, электр энергиясы тарифтерін төмендетуді, мал өсірушілерге жем-шөп пен материал сатып алуға қолдау көрсетуді талап етуде.



Ұқсас жаңалықтар