Израиль 7 қазан күнінен бері Газа секторын бомбалауда

Рафах қаласы қайтадан Израиль армиясының нысанасына айналып, ондаған палестиналық қаза тапты.

2100552
Израиль 7 қазан күнінен бері Газа секторын бомбалауда

Газа секторында қоныс аударған палестиналықтар паналаған Рафах қаласы қайтадан Израиль армиясының нысанасына айналып, ондаған палестиналық қаза тапты.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың 4 ақпан күні Рафах қаласына қарсы құрлық операциясына дайындықты бастау туралы бұйрығынан кейін Израиль әскери кабинетінің Рафахты паналаған жүз мыңдаған палестиналықты эвакуациялау жұмыстарын бастағаны хабарланды.

Израиль ақпарат құралдары премьер-министр Нетаньяху Рафах қаласына қарсы операцияның Рамазан айына дейін (11 наурыз-9 сәуір) аяқталуын қалайтынын жазды.

Рафахқа қарсы операцияға дайындық әлемнің түкпір-түкпірінде наразылық туғызды.

Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Рафах қаласына жасалған шабуылдың «айтып жеткізе алмайтын гуманитарлық бір апатқа әкелетінін» ескертті.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон да Рафахқа шабуыл жасау ықтималына қатты алаңдағандарын атап көрсетті.

Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес Рафахқа қарсы Израильдің әскери операциясының ауқымы кеңейген кезде гуманитарлық апатты арттыратынын мәлімдеді және Израильдің шабуылдарын айыптады.

Сауд Арабиясы болса Рафахтағы үлкен гуманитарлық апаттың алдын алу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесін шұғыл отырысқа шақырды.



Ұқсас жаңалықтар