АҚШ-та тікұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-та 6 адам мінген тікұшақ Можаве шөлінде апатқа ұшырады.

2100557
АҚШ-та тікұшақ апатқа ұшырады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) 6 адам мінген тікұшақ Калифорния штатындағы Можаве шөлінде апатқа ұшырады.

Сен-Бернандино аудандық полициясы жасаған мәлімдемеде тікұшақтың алдыңғы түні Лас-Вегастың шамамен 150 шақырым оңтүстік батысында Можаве шөліндегі шағын бір ауданның маңында құлағаны атап көрсетілді.

Лауазымдылар «Palm Springs» әуежайынан көтерілген және 6 адам мінген тікұшақтың Невада штатына бара жатқанда апатқа ұшырағанын, апаттың себебінің әлі анықтала алмағанын мәлімдеді.

АҚШ Федералдық авиация басқармасы жасаған мәлімдемеде апаттан аман қалғандар бар-жоғын анықтаудың мүмкін болмағаны және іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар