Иран қолдайтын топтар АҚШ әскери базасына шабуыл жасады

Иран қолдайтын топтар АҚШ әскері орналасқан базаға зымырандық шабуыл жасады.

2100336
Иран қолдайтын топтар АҚШ әскери базасына шабуыл жасады

Сирияның Дейр-эз-Зор уәлаятында Иран қолдайтын топтар АҚШ әскері орналасқан базаға зымырандық шабуыл жасады.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Дейр-эз-Зордағы Евфрат өзенінің батыс жағалауында Иран қолйтын топтар АҚШ күштері орналасқан Конико газ кешеніндегі базаға зымыранмен шабуыл жасады.

Шабуыл жасалған базадан зардап шеккендер туралы ақпарат алынбады. Ал шабуылға қатысты АҚШ әлі мәлімдеме жасаған жоқ.

АҚШ армиясының Хасака мен Дейр-эз-Зордағы базалары жыл басынан бері белгісіз зымырандар мен камикадзе ұшқышсыз әуе аппараттармен жиі нысанаға алынуда.

Евфрат өзенінің шығысындағы Дейр-эз-Зор жерлері АҚШ қолдауындағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің басып алуында болса, қала орталығы мен басқа да ауылдық аймақтар Башар Асад режимі мен Иран қолдайтын топтардың бақылауында.



Ұқсас жаңалықтар