Шатастырып алды

Джо Байден Францияның бұрынғы президенттерінің бірі Франсуа Миттеранмен «кездескенін» айтты.

2098471
Шатастырып алды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Президенті Джо Байден Франция Президенті Эммануэль Макронды шатастырып, 28 жыл бұрын қайтыс болған Францияның бұрынғы президенттерінің бірі Франсуа Миттеранмен «кездескенін» айтты.

Лас-Вегастағы сайлауалды науқанда сөйлеген сөзінде Джо Байден өзі жаңадан сайланған кезде өткен G7 отырысына сілтеме жасады. Сол кезде Джо Байден француз президент Макронды 1996 жылы қайтыс болған Миттеранмен шатастырады.

«Германиядан келген Миттеран, кешіріңіз, Франция, маған қарап: «Сен қанша уақыт осында боласың?» деп сұрады» деді ол.

Ақ Үй болса соңғы кезде көп шатасып жүрген  Байденнің осы соңғы қателігін «Макрон» деп түзетіп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар