"Путиннің сапарын бақылап отырамыз"

Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2098214
"Путиннің сапарын бақылап отырамыз"

БҰҰ Ресей Президенті Владимир Путиннің Түркия сапарынан шығатын қорытындыны жіті бақылап отырғандарын білдірді.

БҰҰ Баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Владимир Путиннің сапарында Қаратеңіз астық бастамасының қайта жандануы ықтималына БҰҰ қосыла ма?» деген сұраққа орай БҰҰ өкілі «Әрине, осы сапардан шығатын қорытындыны жіті бақылап отырамыз» деді.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Түркия сапары барысында Ресей мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қатынастармен бірге Украина секілді аймақтық мәселелердің де талқыланатынын айтқан болатын. Ол Путиннің сапарының ақпан айына жоспарланғанын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар