"CENTCOM" және хоуситтер жаңа мәлімдеме жасады

АҚШ пен Ұлыбритания күштері Худейда қаласына шабуыл жасады.

2098133
"CENTCOM" және хоуситтер жаңа мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Йеменде Иран қолдайтын хоуситтердің бақылауындағы аймақтарда орналасқан жарылғыш тиелген адамсыз су үсті көліктеріне шабуыл жасағанын жариялады.

АҚШ Орталық қолбасшылығынан (CENTCOM) жасалған мәлімдемеде «Хоуситтерге тиесілі жарылғыш тиелген адамсыз 2 жер үсті көлігіне қарсы өзін-өзі қорғау мақсатында шабуыл жасалды» делінді.

Мәлімдемеде бұл көліктердің аймақтағы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен коммерциялық кемелерге «жақын қауіп» төндіретіні атап көрсетілді.

Мәлімдемеде бұл әрекеттердің навигация еркіндігін қорғайтынына назар аударылып, шабуылдардың халықаралық суларды коммерциялық кемелер үшін қауіпсіз ететіні баса айтылды.

Йемендегі хоуситтер АҚШ пен Ұлыбритания күштерінің елдің батысындағы Қызылтеңіз жағалауында орналасқан Худейда қаласына шабуыл жасағанын жариялады.

Хоуситтердің «Әл-Месира» телеарнасының «X» әлеуметтік желісіндегі хабарламасына қарағанда, АҚШ пен Ұлыбритания кеше Худейда қаласына қарасты Әль-Касиб аймағына шабуыл жасады.

Хоуситтерге қарасты бар басқа интернет парақшасында болса әуе шабуылдары бірнеше рет қайталанды.

«Әл-Месира» телеарнасы кеше азанғы уақытта АҚШ пен Ұлыбритания күштерінің Худейда және Сада қалаларына 15 шабуыл жасағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар